Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (видео)

0
740

​Қызылордада атыс болып, үш адам мерт болған.


Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (видео)

ERNUR.KZ. Тағы екі адам аурухаға жеткізілді. Қайғылы оқиға 7 мамырда болды, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, атыс қала шетіндегі Титов ауылында, азық-түлік дүкенінің жанында болған. Қаза тапқандардың ең жасы 26-да, үлкені 29-да.

Жедел жәрдем стационарында хабарлағандай, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған.

"Жедел жәрдем жеткенше алған жарақаттарынан үш адам мерт болды. 47 мен 23 жастағы екі ер адам аяғынан оқ жарақатын алған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Полиция департаментінде оқиғаның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

"Сәйкес сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр", – деп хабарлады полицейлер.