Қызылордада бойжеткенді мерт қылған жасөспірімнің орнына анасы сотталды

0
1 579

​Жасөспірімның өзі сотқа қатысқан жоқ. Бойжеткенді қағып, мерт қылған кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кетті.


Қызылордада бойжеткенді мерт қылған жасөспірімнің орнына анасы сотталды

Қызылордада жаяу жүргінші жолағында 22 жастағы бойжеткенді қағып өлтірген оқушының ісіне нүкте қойылды. Жыл басынан бері жалғасқан процесте сот оған көлігін беріп қойған анасын кінәлі деп танып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Кәмелетке толмағаны ескеріліп, жетеіншек жазадан құтылып кетті, деп жазады ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Жол апаты былтыр 28 желтоқсанда Сүлейменов пен Нұрмақов көшелерінің қиылысында болған теді. Сондағы жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан Саида Абдолланы Лексус автокөлігі қағып өткен. Ал сол сәтте көлік тізгіненде 10- сынып оқушысының отырған. Куәгерлердің айтуынша,қатты соққыдан бойжеткен бірнеше метр жерге ұшып кеткен.

Қаңтар айынан бастап, тергеушілер бұл істің ақ-қарасын жітті тергеген. Құзырлы органдар жеті ай ішінде бұл қылмыстық істі жауып, қайта ашып та үлгерген. Бүгінгі сот алдына Саида Абдулланы қағып кеткен жасөспірімнің анасы келді. Өйткені көлік осы кісіге тиесілі екендігі белгілі. Ал баласы шешесінің рұқсатынсыз оның көлігін тізгіндеп, ақыры қайғылы оқиғамен аяқталған.

"Ол қызымды қақты, сүйрелеп жүрген оны. Егер ол оны машинаға салмай жедел жәрдем көлігін күткенде бәрі басқаша болар ма еді" , - дейді қайтыс болған қыздың анасы Нартай Абдуллаева.

Жасөспірімның өзі сотқа қатысқан жоқ. Сот анасына көлік жүргізу куәлігі жоқ адамды көлігіне отырғызғаны үшін жаза кесіп, оны 1,5 жыл бас бостандығынан және алдағы екі жылда көлік жүргізу құқығынан айырды. Сондай-ақ сот зардап шегуші тарапқа 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді үкім етті.

Марқұмның туыстары алдағы уақытта іс апелляциялық сотта қаралғанда әділқазылар өз шешімдерінен айнып қалмаса екен дейді. Себебі, алғашқыда тергеп-тексеру жұмыстары бір қысқартылып, істің қайта қозғалу фактісі де тіркелген. Саида Абдолланың жақындары құрбыларын еске алу мақсатында Қорқыт ата ескерткішінің жанына жиналып, достары бейнеленген плакатқа жылы лебіздерін біліріп, шарларды аспанға ұшырды.