Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті

0
1 070

Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды.


Қызылордада бруцеллёз жұқтырғандар саны өсті

ERNUR.KZ. Облыста жыл басынан бері бруцеллёз (сарып) ауруының 11 дерегі анықталды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 жағдайға артқан, деп жазады inbusiness.kz.

"Олардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Атап айтқанда, 14 жасқа дейінгілер үлесі - 18, 15-19 жастағылар -27, 19 жастан жоғарылар - 55%-ды құрайды. Сарып ауруы биыл аудандар бойынша Қармақшыда - 3, Жаңақорғанда - 2 дерегі тіркелсе, ол Қызылорда қаласында 6 жағдайды құрады. Дертке шалдыққандардың арасында ауыл тұрғындарының үлесі 45,4%", - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Ведомство мәліметінше, бруцеллез ауруымен сырқаттанған 9 науқастың үй жағдайында уақ және өзге де үй ауылшаруашылық малдарына күтім жасағаны белгілі болды. Қалған 2-і мал шаруашылығымен айналыспайды, сүт пен етті сауда орындарынан сатып алып тұтынады.