Қызылордада далалық жерден адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылды

0
1 306

Cотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.


Қызылордада далалық жерден адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылды

ERNUR.KZ. Аталған дерек бойынша 001 (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.


Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін. Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.