Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
471

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.


Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

«12 желтоқсанда күзет кәсіпорнының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынш а ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес марқұмдар уланып, тұншығып қайтыс болған», - дейді полиция өкілдері.

Еске салсақ, Сырдария ауданы аумағында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы No49 кен орнындағы тұрғын жайға арналған металл вагонда өрт шықпай, көміртегі газымен уланған екі адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.