Қызылордада кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды

0
584

Әйел мұндай әрекеті үшін сыйақы алып отырған.


Қызылордада кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді ұстады, деп жазады sputnik.kz.

Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында қыздардың қызметін ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеті үшін сыйақы алып отырған.
Қазір бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар жасалады.
Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.