Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

0
529

Бұл - бес күннің ішінде кездесіп отырған екінші жағдай. Бұдан бұрын Қызылордада әйел көпірден секіріп қаза тапқан болатын.


Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Сол уақытта облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама 102 арнасына түскен.

«Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұл - бес күннің ішінде кездесіп отырған екінші жағдай. Бұдан бұрын Қызылордада әйел көпірден секіріп қаза тапты.