Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың 8-і бір үйдің адамдары болып шықты

0
856

Жұқтырғандар 6-45 жас аралығындағы адамдар.


Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың 8-і бір үйдің адамдары болып шықты

ERNUR.KZ. Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да - алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері.

«Олар - 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі - 14 жасқа дейінгі балалар», - деді ол.