Қызылордада медициналық тексеруден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатыны белгілі болды

0
392

Қолма-қол ақша төлеген жағдайда ешқандай тексерусіз, 5 минуттың ішінде медициналық анықтама беріледі


Қызылордада медициналық тексеруден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қызылордада медициналық тексеруден өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алуға болатыны белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғамдық өкілдерімен бірлесе "Жасырын сатып алушы" тәсілімен жүргізген бақылау шаралары барысында анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, Қызылорда қаласында орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында медициналық қызмет көрсететін "ПрофМед" ЖШС дәрігері қызмет алушыға қолма-қол ақша төлеген жағдайда ешқандай тексерусіз, 5 минуттың ішінде №083/е нысандағы медициналық анықтама берілетінін айтқан. "Жасырын сатып алушы" тәсілімен бақылау шарасын жүргізу барысында "ПрофМед" ЖШС дәрігері 7500 теңгеге медициналық анықтаманы тексерусіз беретіні анықталды. Бұл азаматтарды тиісті тексеруден өткізбей, қорытындыны куәландырып беруі, келеңсіз жол-көлік оқиғаларына (нашақорлыққа бейім, психикалық ауытқуы бар азаматтардың көлік басқаруынан туындайтын) алып келуі ықтимал", - дейді Департаменттің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев.

Аталған жайт бойынша "ПрофМед" ЖШС басшылығына тиісті ұсыныс беріліп, нәтижесінде заңбұзушылыққа жол берген дәрігер жұмыстан босатылған.

"Департамент қоғам өкілдерімен бірлесе отырып мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне бақылау шараларын тұрақты түрде жүргізіп отырады", - деді Департамент өкілі.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет