Қызылордада мектепте 11-сынып оқушысы қатарласына пышақпен шабуылдады

0
1 087

Оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі екіншісіне пышақпен шабуылдаған.


Қызылордада мектепте 11-сынып оқушысы қатарласына пышақпен шабуылдады

ERNUR.KZ. Қызылордада мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы қатарлас сынып оқушысына пышақ жарақатын салды, деп жазады stan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 4 сәуірде орын алған. Оқушылар арасында жанжал шығып, салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі екіншісіне пышақпен шабуылдаған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша ТЖД тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім Қызылорда қалалық полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы жасөспірімнің барлық қажетті тексерулерден өткенін хабарлады. Медициналық көмек көрсетілгеннен соң, оған үйіне қайтуға рұқсат етілген.

"Ол иық, кеуде және жамбас тұсынан өтпейтін пышақ жарақатын алған. Жаралар таңылып, амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді аурухана дәрігері.

Бұл оқиғаға байланысты қалалық білім бөлімі оқушы қолында пышақ болмағанын, жеңіл металл затпен ұрғанын айтты.

“Осыған байланысты қалалық білім бөлімінен жұмыс тобы құрылды. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұл іске кінәлілер тәртіптік жазаға тартылады", - деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Самат Күнхожаев.