Қызылордада науқас белгісіз жағдайда аурухана балконынан құлап мерт болды

0
267

Басылым мәліметінше оқиға 6 тамызда орын алған.


Қызылордада науқас белгісіз жағдайда аурухана балконынан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Қызылордада көпсалалы облыстық аурухананың 61 жастағы науқасы төртінші қабаттың балконынан белгісіз жағдайда құлап, мерт болды, деп жазады Stan.kz.


Басылым мәліметінше оқиға 6 тамызда орын алған. Науқас белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.

Қызылорда қалалық полиция департаменті әйелдің өлімін растады. Полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.