Қызылордада өзіне сеніп тапсырылған 21 түйені сатып жіберген бақташы қолға түсті

0
515

Екі жыл бұрын Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған.


Қызылордада өзіне сеніп тапсырылған 21 түйені сатып жіберген бақташы қолға түсті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында құны 9 млн теңгені құрайтын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген бақташы қолға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

Екі жыл бұрын Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шықты.

«Шаруашылық басшысы аудандық полиция бөліміне 21 түйесінің жоғалғаны жөнінде арызданды. Тексеру барысында полиция қызметкерлері оған бақташының қатысы бар екенін анықтады. Ол малдың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажетіне жұмсаған. Жәбірленушіге келген шығын - 9 млн теңге», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.