Қызылордада үй құрылысы комбинаты ашылады

0
696

Үй құрылысы комбинатының жалпы құны 2,6 миллиард теңгені құрайды.


Қызылордада үй құрылысы комбинаты ашылады

ERNUR.KZ. Қызылордада өңірдегі тұрғын үй құрылысын жаңа деңгейге көтеруге тиіс үй құрылысы комбинатын ашуға дайындық жүріп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

"Үй құрылысы комбинаты бойынша жұмыстар 85%-ке аяқталды, комбинат сәуір айында іске қосылады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін өндірісте 90 адам жұмыспен қамтылады", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.

Нысанның құрылысын "Құрылыс-көлік компаниясы" ЖШС жүргізіп жатыр, жоба 2022 жылдың қаңтарында басталған.

Үй құрылысы комбинатының жалпы құны 2,6 миллиард теңгені құрайды.
Үй құрылысы комбинаты жабын плиталары, жол плиталары, іргетас блоктары, маңдайшалар, жолақ іргетастар, баспалдақтар, темірбетон тіректер сияқты темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетоннан дайындалған бұйымдарды шығарады.
"Кәсіпорын жылына 27 мың текше метр темірбетон және 70 мың текше метрге жуық тауарлық бетон өнімдерін шығара алады", - деп ақпарат таратты облыс әкімдігіндегілер.