​Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын айыппұл төлейді

0
1 239

Ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқан сотталушыға 601 250 теңге айыппұл салынған.


​Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жаңақорған аудандық соты оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол аудан орталығындағы Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі мен Сағырбаев көшелері қиылысында орын тепкен бір бөлмелі кеңседен ойын мекемесін заңсыз ашқан. Бұл жерге оған қажетті техникаларды жабдықтаған.

«Соның нәтижесінде ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқаны анықталды. Сотта қарау барысында сотталушы Ш. өзінің кінәсін толық мойындады. Аталмыш әрекетіне шын жүректен өкінетінін көрсетті. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 250 АЕК мөлшерінде 601 250 теңге айыппұл салынды», деп жазылған Жаңақорған аудандық соты таратқан хабарламада.