Қызылордада жаңа оқу орны ашылады

0
1 218

"Болашақ" университетінің тағдыры осылай шешілді.


Қызылордада жаңа оқу орны ашылады

ERNUR.KZ. Қызылордада екі білім беру ордасы бірігіп, жаңа оқу орны ашылып жатыр, деп жазады baq.kz.

Осыған дейін халықты әбігерге салып, көңілде сұрақ туындатқан "Болашақ" университетінің тағдыры осылай шешілді. Енді Қызылордададағы "Болашақ" университеті мен Қызылорда технология және қызмет институты бірігетін болды. Бұл туралы «Болашақ» университетінің құрылтайшысы Бақберген Досманбетов пен Қызылорда технология және қызмет институтының құрылтайшысы Қылышбай Бисенов ресми мәлімдеді.

2022 жылдың аяғында университетіміздің лицензиясы тоқтады. Бұл ең алдымен жұмыстағы кемшіліктерге байланысты, екіншіден, жеке оқу орындарын біріктіру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Бұл тек біздің өңірде ғана емес, басқа өңірлерде де осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екі университет бірігіп жаңадан "Қызылорда Ашық университеті" құрылмақ. Сондықтан Болашақ университеті жабылған жоқ, – деді Бақберген Досманбетов.

Ал оқу жылының ортасында қайда барамыз деп алаңдаған студенттерді қазіргі таңда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне алмастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда қаласындағы осы университеттің лицензиясынан айырылғаны туралы жазған едік. Дегенмен Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл туралы әлі ресми ақпарат бермеді.