Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі көпбалалы ана қамауға алынды (видео)

0
644

Көпбалалы аналар тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген.


Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі көпбалалы ана қамауға алынды (видео)

Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысқан екі көпбалалы ана ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қызылорда полиция департаментінің баспасөз қызметі Facebook-те Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратына бір топ адамның, оның ішінде әйелдердің қалай басып кіргенін көрсететін видео жариялады.


"Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, тәртіпсіздікке орын берген. Бейне-жазбада көрсетілгендей азаматшалар Н.Ж мен Б.З тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген. Аталмыш екі азаматшаға қатысты «сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркеліп, жан жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні екі азаматшаның қылмыстық әрекеттерін толық мойындағандығы, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп бас шарасы үй қамаққа ауыстырылды. Әрбір дерек мұқият зерттеледі. Нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.