Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам анықталды

0
429

Қызылорда облысының Полиция департаменті 7-9 қыркүйек аралығында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.


Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам анықталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды, деп жазады tengrinews.kz.

Қызылорда облысының Полиция департаменті 7-9 қыркүйек аралығында "Stop-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шара барысында адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелгені анықталды. Оның ішінде біреуі жезөкшелікке, үшеуі жеңгетайлыққа қатысты болып отыр.

"Аталған шара барысында 1 адам жеңгетайлықпен айналысқаны үшін жауапқа тартылды. Ал 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынса, олардың үшеуі ер адам екені белгілі болды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін 4 азамат анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.