Қызылшадан қорғанудың жолдары қандай – дәрігер кеңесі

0
804

Гигиеналық талаптарды сақтау да аса маңызды.


Қызылшадан қорғанудың жолдары қандай – дәрігер кеңесі

ERNUR.KZ. Атырау қалалық №1 емхананың эпидемиологі Салтанат Қажкенова қызылшадан қорғанудың жолдары жайлы айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маманның айтуынша, қызылшаның алдын алу шараларына мыналар жатады:

  • Қызылшамен ауырған баланы басқа балалардан бөлек ұстау;
  • Қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдарды аурудың соңғы жағдайы анықталған сәттен бастап 21 тәулік бойы күнделікті медициналық бақылауға алу;
  • Қызылшамен және қызамықпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейін егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы екінші профилактикалық егуі жоқ адамдарға, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы моновакцинамен, ол болмаған кезде (72 сағаттан кешіктірілмей) құрама вакцинамен шұғыл вакцинациялау жүргізу;
  • Үйді әлсін-әлсін желдету, ылғалды тазалау жүргізу;
  • Иммунитет көтеретін С дәруменін – ревит немесе аскорбин қышқылы драже түрінде немесе С дәрумені бар алма, апельсин көкөністерін қабылдау;
  • Гигиеналық талаптарды сақтап, қолды жиі жуу, бетперде кию, көпшілік жерге бармау және т.б.

Еске салсақ, қызылшадан елімізде екі бала көз жұмып, 15-і ауыр жағдайда жатқанын бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбеова айтқан болатын.