Қызылшаның өршуі: 30 бала жансақтау бөліміне түсті

0
388

Қазіргі кезде республика бойынша қызылша ауруына шалдыққан 2 375 бала ауруханада емделіп жатыр.


Қызылшаның өршуі: 30 бала жансақтау бөліміне түсті

ERNUR.KZ. Қызылша ауруына шалдыққан 30 бала жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде республика бойынша қызылша ауруына шалдыққан 2 375 бала ауруханада емделіп жатыр. Төсек-орындар 60 процентке толған. Резервте тағы 1093 орын бар.
“Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ”,- деді Ғиният үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, төрт өңірде - Жамбыл облысы (92%), Алматы қаласы (88,2%), Түркістан облысы (81,7%) мен Шымкент қаласында (79,2%) ауруханадағы бос төсек-орындар аз.