"Қызымның басы әлі ауырады": Өскеменде құрдасын жабылып ұрған қыздардың соты басталды

0
376

Сәуір айының басында жасөспірім қызды шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан бейнежазба тарады.


ERNUR.KZ. Өскемен сауда орталығының дәретханасында студентті аяусыз ұрып-соққандардың соты жабық өтеді, деп жазады stan.kz.

Сәуір айының басында жасөспірім қызды шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан бейнежазба тарады. Бұл іс бойынша бірінші отырыс өтті.Үш кәмелетке толмаған қыз айыпталды, олардың екеуі де 16 жасқа толмаған. Олар "Бұзақылық" және "Бопсалау" бойынша сотталмақ.

Қылмыстық істе 13 том. Процеске қатысушылар жасөспірімдер болғандықтан, судья барлық отырыстар жабық режимде өтеді деп шешті.

Зардап шеккен қыздың анасы үш қаскөйдің біреуі ғана кешірім сұрағанын айтты.

"Ұят, масқара, тіпті кешірім сұрамады. Олар қалай ұрды, қорлады. Сұмдық. Баламның басы, беттері әлі ауырады, колледжге барғысы келмейді, оқығысы келмейді, ештеңені қаламайды. Енді не істеймін, әрі қарай не болмақ?!", – деді қыздың анасы.

Зардап шеккен қыздың туыстары екі мектеп оқушысы мен бірінші курс студенті шартты түрде жазаланып, сытылып кете ме деп қорқып отыр. Олар қатаң жазаны талап етуде.

Естеріңізге салсақ, Өскеменде қыздар құрдасын соққыға жығып, соның салдарынан жәбірленуші ауруханаға түскен еді.