​ЛГБТ белсенділерінің жиынына кәмелет жасына толмаған балалардың қатысқандығы анықталды

0
1 194

Шымкенттіктер ЛГБТ өкілдеріне қарсы шықты.


​ЛГБТ белсенділерінің жиынына кәмелет жасына толмаған балалардың қатысқандығы анықталды

иллюстрациялық фото

«Феминита» ұйымының өкілдері қала жастарымен трансгендер әйелдердің құқығы жөнінде жиын өткізбек болған. Осы әрекеттері жергілікті белсенділерге ұнамай, басқасуды тоқтатуларын талап еткен. Істің насырға шапқаны соншалық құқық қорғау өкілдерінің араласуына тура келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Шымкенттегі Абай аудандық полиция басқармасына жиналған 100-ге жуық адамның талабы біреу ғана. Ол қалаға ескертусіз келіп, шенділерге ұсталып қалған ЛГБТ өкілдерін әділ жазалау. Ал, егер құқық қорғау өкілдерінің қолынан мұндай іс келмейтін болса, бір жыныстыларды өзімізге тапсырыңдар, дейді.

«Сол жерде 100 шақты адам жиналған, өздерінің топтарын насихаттауға. Жүректі ауыртатыны солардың 30-40 шақтысы жиырмаға толмаған балалар», - дейді қала тұрғыны ӘБДІРАЗАҚ ӘБУҒАЛИ.
«Маған қатысы жоқ. Менің балам мен қызым үйде олар тәрбиелі демеңіздер. Олар біздің немеремізге келді негізі. Ертең шөберемізге. Осылай осылай түп тамырымызбен құрту үшін келді. Ойлаңыздаршы еркектен еркек, әйелден әйел ұрпақ туа ма?», - дейді қала тұрғыны ҒАЛЫМЖАН ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ.
Полицейлердің әділ шешім шығаратынына күмәнмен қараймыз дегендер, ЛГБТ өкілдерін Шымкентке шақырып ашық сөйлесуге дайын екендерін жеткізді. Өзіміз үшін емес, болашақ ұрпағымызға зияны тиіп кете ме деп алаңдаушылық білдіргендер біразға дейін полиция басқармасының алдын тораулыдап, ұсталған белсенділерді шығаруды талап етті.
Деседе, жиналғандардың алдына қаланың бас полицейі шығып, қамауда отырған бір жыныстыларды заң жүзінде жазалаймыз деп ант-су ішті.

«Айқайлап жұрттың дегбірін алмаңдар! Ол сіздерге бәрібір бермейміз. Заңды шешім қабылдаймыз. Болды заңды шешім қабылдаймыз», - деді Шымкент қалалық ПД бастығы ЕРАЛЫ ЖҰМАХАМБЕТОВ

Халық алдында тілшілерге дүйсенбі күні осы жағдай бойынша толық сұқбат береміз деген полиция департаментінің басшылығын сол күйі таппай қалдық. Тек қана, қажетті шаралар қабылданды, жағдай бақылауда деген жазбаша ақпарат берумен шектелді. Ал, қолға түскен ұйымның екі белсендісіне қатысты ең кем дегенді екі айға жуық тергеу амалдары жүргізіледі екен.