Ливандағы қазақстандық әскерилердің коронавирус жұқтырғаны рас па?

0
614

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны туралы хабарламалар таратылуда.


Ливандағы қазақстандық әскерилердің коронавирус жұқтырғаны рас па?

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің коронавирус жұқтырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады baq.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны туралы хабарламалар таратылуда. Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Үнді бітімгершілік батальоны мен Қазақстан бітімгершілік ротасының жеке құрамы арасында COVID-19-бен ауырғандар жоқ, – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.