Лондон орталығында Димаштың шоуы жарнамалануда

0
80
19 қараша күні Лондағы әйгілі «Royal Festival Hall» залында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болады

Лондон орталығында Димаштың шоуы жарнамалануда

ERNUR.KZ. Лондон орталығындағы экрандарда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концерті жарнамаланып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жасасын! Лондонда, қаланың орталығында Димаш Құдайбергеннің осы жылдың 19 қарашасында өтетін жеке концертінің жарнамасы шықты», - деп жазады әншінің поляк фан-клубының өкілі Тереза Конколь Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетейік, 19 қараша күні Лондағы әйгілі «Royal Festival Hall» залында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болады.

Шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен өткізілмек. Концерттен жиналған қаражат Қазақстандағы жас дарын иелерін қолдауға жіберіледі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет