Лотерея құмар ойын емес – вице-министр

0
262

Елімізде лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңмен реттеледі.


 Лотерея құмар ойын емес – вице-министр

ERNUR.KZ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев айтты, деп baq.kz.

Оның айтуынша, елімізде лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңмен реттеледі.

Біріншіден, лотерея құмар ойын емес. Заң бойынша жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мұны білген жөн. Өйткені қоғамда лотерея операторы миллиард долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқан. Бұған тыйым салынады және заң бойынша қудаланады, лотерея операторының қызметі де тоқтатылуы мүмкін, - деді туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Қазір лотерея операторы кірістің 80%-дан астамын жүлде қорына жібереді, қалған 20%-ы оператордың кредиторлар, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемені өтеу шығындары, әкімшілік шығындар, салық төлеуден және екі қорға ақша аударғаннан кейін қалған табысы болады.