Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

0
574

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Ұлттық құрамасының Сурдлимпиададағы ойынына қатысты ресми мәлімдеме жасады.


Мәдениет министрлігі Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек

ERNUR.KZ. Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетін сотқа бермек баспасөз қызметі, деп жазады exk.kz.

Мәдениет және спорт министрлігі Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға Ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы қатысып жатқанын атап өтті.

ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР Занамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыларды, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.

"Қанафин Еркебұлан бұрын — соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ", — делінген хабарламада.

Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Еркебұлан Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберген көрінеді. Министрлік комитеттің Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтіріп, спорттық этикалық қағидаларды бұзғанын алға тартты.

"Бұл ретте Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан ҚР Чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген болатын", деп мәлімдеді министрлік.

Министрлік Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді.