Магистратураға бөлінген 13 мың гранттың 3 мыңы кері қайтарылды

0
930

Биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер болған еді.


Магистратураға бөлінген 13 мың гранттың 3 мыңы кері қайтарылды

ERNUR.KZ. Магистратураға түсушілер үшін биылғы оқу гранты конкурсының нәтижесі жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры міндетін атқарушы Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды.

Конкурс нәтижесін Testcenter.kz сайтынан немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.

«Грантты компьютер бөлгенімен, процестің қаншалықты маңызды екенін ұғынып, әр тізімді, шамамен 12 мың жазбаны қолмен тексеріп шықтық. Себебі Орталық өз жұмысында үміткерлердің құқығына басымдық береді», - деп жазды Дидар Смағұлов Facebook желісінде.

Айта кетейік, биыл магистратураға бөлінген 13 мың грантқа 30 мың адам үміткер болған еді.

«Жалпы саны 9 701 үміткерге грант тағайындалды. Қалған 3 108 грант бюджетке кері қайтарылды. Бірінші айналымнан қалған гранттар сұраныстағы мамандықтар бойынша қайтадан бөлінеді», - деді Д. Смағұлов.