Магистратураға грантпен түскендердің тізімі жарияланды

0
684

Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін ЖОО-ға құжаттарын тапсыруға тиіс.


Магистратураға грантпен түскендердің тізімі жарияланды

ERNUR.KZ. 2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға 13 мың грант бөлінді.

"Педагогикалық ғылымдар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" және "Бизнес, басқару және құқық" бағыттары сұранысқа ие болды.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін ҚР ҒЖБ Telegram арнасынан қарауға болады