«Магнум» супермаркеті өртенді

0
2 170

Өрт туралы хабар «101» қызметіне таңғы сағат 06:56-да келіп түскен.


«Магнум» супермаркеті өртенді

ERNUR.KZ. Алматыда Жетісу-3 шағын ауданында орналасқан «Магнум» супермаркеті өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.


Өрт туралы хабар «101» қызметіне таңғы сағат 06:56-да келіп түскен.

«Алғашқы өрт сөндірушілер тобы 07:03-те оқиға орнына жетті. Анықталуынша, екі дүңгіршек өртеніп, артынша жалын кіреберіс бөлігінің шатырына өткен. Ғимараттың түстігіндегі қабырғасына да зақым келген. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрттің көршілес дүңгіршіктерге өтуіне жол берілмеді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт 07:29-да ауыздықталып, 07:38-де толықтай сөндірілді. Өрттен ешкім зардап шекпеді.