"Мәйіт" тіріліп кеткен: екібастұздық жұрттың зәресін ұшырды

0
431

Аулаға жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде “мәйіт” орнынан тұрып жүгіре жөнелген.


ERNUR.KZ. Екібастұзда көшеде целлофанға оралып жатқан ер адам табылды, деп жазады sputnik.kz.

Екібастұз қаласының тұрғыны әдеттегідей таңертең сағат 07.00-де итін серуендету үшін далаға шыққан. Қала тұрғыны М.Әуезов көшесіндегі үйдің ауласында сыртынан ешқандай тіршілік белгісі жоқ, целлофанға оралған ер адамды байқаған.
Ол бірден полицияға хабарласты.
Аулаға жеткен полицейлер целлофанды ашып жатқан кезде “мәйіт” орнынан тұрып жүгіре жөнелді.
Белгілі болғандай, бір күн бұрын алкогольді көп ішіп қойған ер адам үйіне жете алмай, далада ұйықтап қалған. Жаңбырдан жасырыну үшін сол маңнан тауып алған целлофанға оранып жатқан.