Мәйіті қоқыстан табылған сәбидің анасы оны өзі өлтіргенін мойындады

0
755

Баланың анасы 2002 жылы туған Сарқан қаласының тұрғыны.


Мәйіті қоқыстан табылған сәбидің анасы оны өзі өлтіргенін мойындады

ERNUR.KZ. Алматы облысында мүгедектігі бар 4 жасар қызды өлтірді деген күдікпен анасы мен оның ағасы қамауға алынды, деп жазады stan.kz.

17 мамырда Сарқан қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонында жас қыздың қаңқалық денесі табылды. Көп ұзамай полиция баланың 19 жастағы анасын анықтады. Ол қызының өліміне күдікті ретінде ұсталды. Анасы қызының церебральды сал ауруымен және туа біткен ақыл-ой кемістігімен ауырғанын айтты. Сондай-ақ күдікті осы жылдың ақпан айында баласының ауырып, кенеттен көз жұмғанын, 21 жастағы ағасымен бірге қаланың шетіне алып барып, жерлегенін мәлімдеді.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері баланың анасы мен оның ағасын бүлдіршіннің өліміне кінәлі деп тапты. Олар қызды тұншықтырып, денесін қалалық шетіндегі қоқысқа көміп тастағандарын мойындады.

Баланы өлтіргені үшін күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, жиырма жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін (ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі).

Айта кетсек, Алматы облысы Сарқан ауданында бес жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғанын жазған болатынбыз. Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған. Құзырлы органның ақпаратына сәйкес, баланың анасы 2002 жылы туған Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Баласын 2017 жылы, яғни 15 жасында дүниеге әкелген.