"Майқайыңалтын" кен орны жұмысын тоқтатты

0
803

Мыңнан аса жұмысшы 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында жатыр.


ERNUR.KZ. Бүгіннен, яғни 19 ақпаннан бастап "Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты. Себебі қордағы алтын рудасы таусылған, деп жазады inbusiness.kz.

Ал алдағы алты жылға дайындалған 1 млн тоннадан астам шикізат жердің астында жатыр. Әзірге оны шығаруға рұқсат жоқ. Себебі, қаңтардың 3-нен 4-не қараған түнгі апаттан соң, шахталарда жұмыс істеуге тыйым салынған болатын.

"Ал кеншілер 1,5 айдан бері жаппай еңбек демалысында. Енді оларға фабрика ішіндегі мамандар қосылды. Жұмыссыз қалғандардың жалпы саны – 1100 адам. Олардың ары қарайғы тағдыры не болары осы 1-2 күнде шешіледі", - деді кәсіпорынның бас директорының кеңесшісі Орынжан Қабдолов.

Еске сала кетейік, жыл басында фабрика аумағында топырақтың опырылуынан пайда болған шұңқырға 4 адамы бар автобус құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі сыртқа шығарылды. Тағы екі адам әлі іздестіріліп жатыр.