«Майқайыңалтын» кенішіндегі құтқарушылар өлімі: комиссия тергеу нәтижесін жариялады

0
488

Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.


«Майқайыңалтын» кенішіндегі құтқарушылар өлімі: комиссия тергеу нәтижесін жариялады

ERNUR.KZ. «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы авария салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия нәтижелерін жариялады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.

Осы кезеңде ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері жобалық құжаттаманы зерделеп, тергеуге 4 сараптамалық ұйымды, оның ішінде Ресей Федерациясының сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді. Сонымен қатар, комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеді.

Жан-жақты тергеу жүргізе отырып, комиссия жұмыс істеген кеңістікке тау-кен массасының құлауы салдарынан орын алған топтық жазатайым оқиғаның себептері:

  • жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру;
  • Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмаған;
  • блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмаған деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмегені, жобалық құжаттамаға сәйкес әзірленген тазарту кеңістігінің бос жерлері, құлау ықтималдылығы бар екені анықталды.

Нәтижесінде кенеттен құлаған тау массасының салдарынан жазатайым оқиға болды.

«Тергеу нәтижелері бойынша комиссия мүшелері жазатайым оқиғаның себептерін жою жөніндегі іс-шараларды және олардың орындалу мерзімдерін айқындады. Оның ішінде шахта директорының, бас инженердің, бас маркшейдердің, учаскелік маркшейдерлердің лауазымдық нұсқаулықтары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарын ескере отырып қайта қаралатын болады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, тау-кен қазбаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады.

«Құлауы мүмкін аймақтарды және қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз етуді ескере отырып, автокөлік қозғалысының маршруттары әзірленетін болады. Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды», - делінген хабарламада.

Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді.

Апат болған жерде авариялық-құтқару жұмыстары оқиға болған сәттен бастап демалыс күндерінсіз жүргізілуде. Топырақтың геосканизациясы жұмысы мерзімді уақытта жүргізілуде. Жұмыстар өте қиын жағдайларда жүргізілуде. Тау жыныстарының құлау қаупі және пайда болған шұңқырдың астында бос орындар бар.

Еске сала кетейік, жұмысы тоқтатылған «Майқайың-алтын» шахтасының маңында автобус жер астына құлап кеткен. Екі адамның мәйіті табылды. Өзге адамдар іздестіріліп жатыр.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына шетелдік мамандарды тарту талап етілмейтіні туралы хабарлаған болатын. 18 қаңтарда экскаватордың көмегімен автобус корпусының бір бөлігі, жоғалған адамдардың құтқару жабдықтары мен жеке заттары табылды.