Майқайыңда жер астында қалғандарды іздестіру жұмыстары тоқтатылды

0
298

Аумақта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан құтқарушылар мен мамандарға үлкен қауіп төніп тұр.


Майқайыңда жер астында қалғандарды іздестіру жұмыстары тоқтатылды

ERNUR.KZ. "GRP-RIDDER-GROUP" ЖШС жүргізген зерттеу нәтижелері ойық түбінде топырақ құрылымы өзгеріп, әлсірегенін анықтады. Астындағы қуыстар мен бос кеңістіктердің құлау қаупі өте жоғары, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері аталған учаскеде қандай да бір тау-кен, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу құтқарушылар мен мамандар үшін үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтады.

"Апатты жою жөніндегі басшының орынбасары - КӘАҚҚ РШО Павлодар филиалы директорының орынбасары Ерлан Жарқымбеков құтқарушылардың, экскаватор машинистерінің өміріне қауіп төнуіне байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Осыған байланысты "Майқайыңалтын" АҚ басшылығы ӘҚҚБ РҚШ ҚҚ-мен бірлесе отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік, тау-кен, геологиялық жұмыстар саласындағы сарапшыны кеніш аумағына шақырды. Маман апаттың барлық периметрін тексеріп шыққан соң, іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыру немесе толық тоқтату туралы қорытынды шығарылады.

Қазіргі уақытта Павлодар облысы ТЖД барлық күштері мен құралдары жұмыс жүргізіліп жатқан жерде тұр.