Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

0
2 399

Өткен тәулікте еліміз аумағына 13 халықаралық әуе рейсімен 1 972 жолаушы келді.


Мальдив аралдарынан ұшып келген жолаушыдан коронавирус табылды

16 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 972 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 759 жолаушыда ПТР-анықтамасы болса, қалған 213 азамат тиісті анықтамасыз келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


  • Алматы әуежайына – 9 рейс (1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз – 209);
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс (350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз – 4).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 15 ақпанда елге ПТР-анықтамасыз келген 383 қазақстандықтың бірінен коронавирус анықталды. Ол Мальдив астанасы – Мале қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.