"Мамин үйқамаққа алынды" деген сыбысқа Антикор жауап берді

0
510

​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминге қатысты сауалға жауап берді.


ERNUR.KZ. Қазіргі кезде экс-премьерге қатысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, деп жазады exk.kz.

Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ, - деді Ұлан Сарқұлов.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Мәминді үйқамаққа алынды деп жазған еді.

Асқар Мамин 2019 жылдың ақпан айынан 2022 жылдың 5 қаңтарына дейін Қазақстан Үкіметін басқарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған кетерінде алғыс айтқан.