Мамырда авиакеросинмен және битуммен биржалық сауда-саттық қайта басталады

0
1 014

Нарықтан делдалдар мен қайталама көтерме саудагерлер алынып, тек инфрақұрылым, мұнай базаларының иелері ғана қалады.


Мамырда авиакеросинмен және битуммен биржалық сауда-саттық қайта басталады

ERNUR.KZ. ҚР Биржалық комитетінің отырысында қатысушылар 2022 жылғы мамырдан бастап мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын қайта бастау және олардың тауар биржалары арқылы өткізу үлесін кезең-кезеңмен арттыру мүмкіндіктері талқыланды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Биржалық комитетінің төрағасы, БҚДА басшысы Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі кезде БҚДА Энергетика министрлігімен бірлесіп, өндіріс пен қайта өңдеуден бастап бөлшек саудаға дейін делдалсыз жанар-жағармай нарығында өзара іс-қимылдың жаңа схемасы пысықталып жатқанын айтты.

«Біздегі базалық шешім осы - нарықтан барлық делдалдарды, қайталама көтерме саудагерлерді алып тастаймыз, тек инфрақұрылым, мұнай базаларының иелері ғана қалады. Мұнай және мұнай өнімдері нарығының схемасы екі базистен тұратын болады: республикалық (МӨЗ) және өңірлік (мұнай базасы). Және мұндай жүйе барлық мұнай өнімдері бойынша, олардың биржалық сауда-саттықтың ерекшелігін ескере отырып әрекет ететін болады. Екі базисте де биржалық сауда енгізілетін болады. Бұл жүйені біз жақында бензин мен дизель отынының биржалық сауда-саттығында пилоттық жоба ретінде құра бастаймыз. Дағдарыс кезінде биржалық сауда шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктер терезесі бола алады», - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Өз кезегінде, Биржалық комитеттің мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетінің төрағасы, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қазіргі уақытта бензин, дизель отыны, авиакеросин сияқты мұнай өнімдерінің биржалық сауда-саттығын қайта бастау үшін шектеулердің жоқ екендегін мәлімдеді. Жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауы ықтималдығы өте төмен: нарықта бензин мен дизель отынына шекті бағалар қолданылады, бұл сауда-саттыққа қатысушылардың салмақты шешімдеріне ықпал етеді.

Битумды биржалық сауда-саттықта сату үшін коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасы кезінде қолданылатын схема ұсынылады – тек инфрақұрылым иелеріне сауда-саттыққа қатысуға рұқсат ету. Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен биржалық сауда-саттыққа жіберілетін сатып алушылардың тізбесін қалыптастыру үшін битумды сақтау үшін тиісті инфрақұрылымы бар автожол жобаларын іске асыруға тартылған мердігерлік ұйымдарды, трейдерлерді аккредиттеуді жүргізу туралы келіссөздер жүргізілуде. Қағаз делдалдары болмауы керек.

Сондай-ақ, биржалық комитет мүшелері жол битумымен биржалық сауда-саттықты қайта бастауға ешқандай шектеулер жоқ деп келісті. Құрылыс жұмыстары маусымы басталғанға дейін сату пайызы айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.

Авиакеросинді іске асыру тәсілдеріне қатысты қатысушылар «4+1» схемасын талқылады (авиакомпаниялар үшін 4 сауда сессиясы, әуежайлар үшін 1 сауда сессиясы). Бұл нарықта делдалдарды жою үшін «республикалық – өңірлік базистерді» өткізу схемасы да жұмыс істеуі тиіс.

Отырыс күн тәртібінің тағы бір тармағы қазақстандық нарық үшін ресейлік авиациялық отын мен битумды тауар биржалары арқылы өткізу мүмкіндігін талқылау болды. Серік Жұманғариннің пікірінше, халықаралық биржалық сауда-саттықты өткізу практикасын қазірден бастау керек, өйткені жақын арада ЕАЭО периметрінде тауарлардың ортақ биржалық нарығын құру уақыты келгенде, биржалық сауда орталығын орналастыру мәселесі көбіне жинақталған практикаға байланысты болады.