Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері жаппай жұмыстан шығарылуы мүмкін

0
2 450

Жұмысшылардың айтуынша, мұның бәрі қызметкерлер "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан мердігер ұйымға ауысқан сәттен басталған.


Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері жаппай жұмыстан шығарылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері жұмыс жағдайына шағымданды, артынша басшылық оларды жаппай жұмыстан шығаратынын айтып қорқыта бастады, деп жазады tengrinews.kz.

Жолсеріктердің айтуынша, пойыз вагондарының тозығы жеткені соншалық, техникалық жабдықтардың жартысы жұмыс істемейді. Пойыздарда жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Сонымен қатар, жұмысшылар вагондарды жылыту үшін сапасыз көмір пайдалануға мәжбүр екен.

Қызметкерлерге артық жұмыс уақытын есепке алудың жаңа жүйесі көрсетілген хабарлама келген. Жұмысшылардың айтуынша, мұның бәрі қызметкерлер "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамынан мердігер ұйымға ауысқан сәттен басталған.