​Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 16 жоба іске асады

0
544

«Көптеген шетелдік турист әмбебап заттардан – бес жұлдызды қонақүйлер мен курорттардан жалыққан. Олардың қызығушылығы әртүрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу, елдің тарихымен танысу»


​Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 16 жоба іске асады

фото - көрнекілік үшін (ашық дереккөзден)

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Қазақстанда шетелдік және отандық туристердің көңілінен шығатын орындарды ашу, сондай-ақ этнотуризмді дамыту жөніндегі өз көзқарасын айтты.

«Көптеген шетелдік турист әмбебап заттардан – бес жұлдызды қонақүйлер мен курорттардан жалыққан. Олардың қызығушылығы әртүрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу, елдің тарихымен танысу», деген еді.


Президенттің бұл сөзі бір жағынан туризмді қай бағытта дамыту қажет екеніне бағдар болса, енді бір өңір үшін осы саланы дамытуға бұйрық болды. Содан бастап туризмді дамытуға мүмкіндігі жететін өңірлер іске кірісті. Мысалы, екі жыл ішінде Каспий теңізі мен Бозжыра шатқалы арқылы көпшілікті өзіне тартып тұратын Маңғыстау облысына жарты миллионнан астам турист келген. Мұндай деректі жергілікті әкімдік хабарлады. Әкімдіктің хабарлауынша, аймақтағы туризм – экономиканың басым бағыттарының бірі.


100 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Данияр Өтешов Маңғыстау облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен және жақын және алыс шет елдерден туристерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 2025 жылға дейін өңірде 100 миллиард теңгенің жобасы іске асады. Бұл қаражатқа 16 жобаны іске қосу жоспарланған.

2021 жылы әлемде коронавирус індетінің таралуына байланысты туризм саласына көзделген қаражат жергілікті бюджетке қайтарылды. Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету үшін 2022 жылға жергілікті бюджеттен 80 миллион теңге бөлінді. Осылайша дамып жатқан туризм саласында 2022 жылдың алғашқы 5 айында жақын шетелден Маңғыстау облысына келген туристердің саны артқан. Ақтау халықаралық әуежайында енгізілген «ашық аспан» режимі өңірдегі туризмнің қарқынды дамуына үлес қосып отыр. Ақтау халықаралық әуежайы арқылы облысқа қаңтар мен маусым аралығында 250 мыңнан астам адам келген, оның ішінде ішкі рейс арқылы – 186 мыңнан астам адам; 63 мыңнан астам жолаушы халықаралық әуе қатынасы бойынша келген.

«Маңғыстау облысындағы туризмнің басым бағыттары – экология, жағажай, киелі жерлер және мәдени туризм. Өңірдің әлеуетін ілгерілету мақсатында жоғарыда осы бағыттар бойынша туристік өнім мен ішкі туризмді қалыптастырумен айналысатын туроператорлар 167 туристік маршруттар мен соқпақтар әзірледі. Облыста туризм саласында 2022-2025 жылдар аралығында мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден астам 16 жобаны іске асырылады деп отырмыз. Туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристер ағынын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, экономиканың аралас салаларын ілгерілетуге мүмкіндік береді, бұл Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді», - деп атап өтті Данияр Өтешов.

Бұл пікірге облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қосылды. Оның айтуынша, өңірдің туристік келбетін арттыру үшін қолда бар барлық ресурсты қолдану қажет.

2020 жылы қонақ үйлердің мәліметтері бойынша қызмет көрсетілген келушілер саны 178 мың адамды құрайды, 93 орналастыру орны тіркелген, туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 71,8 миллиард теңгені құрады, орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 3,3 миллиард теңгені құрады.

Облыстық туризм басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері өңірдің қонақ үйлерінде және басқа да демалыс орындарында болған туристер саны 54 575 адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі мың адамға көп.

«Жыл басынан бері туристерге 1,2 миллиард теңгеге қызмет көрсетілді. Көрсеткіш 1,2 есе өсті. Сонымен қатар салаға бөлінген инвестициялар көбейді. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша тұру және тамақтану, сондай-ақ ойын-сауық және демалыс қызметтері 43,8 миллиард теңгені, ал 2022 жылдың қаңтар – сәуір айларында 3,97 миллиард теңгені құрады», - деді Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы Данияр Өтешов.

Айта кетейік, 2019 жылы Маңғыстау облысы республиканың перспективалы 10 туристік аймағының қатарына кірді. 2020 жылы өңірдегі туризмнің басты бағыттарының бірі теңіз курорттық аймақтарын, Ақтау қаласынан Каспий жағалауында орналасқан Құрық портына дейінгі учаскелерде жағажай туризмін дамыту қажет деп белгіленді.

Маңғыстау облысының жергілікті басқару органдары үш жыл ішінде аймақта жүз миллиард теңгеге 15 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 2022 жылдың аяғына дейін үш жоба іске қосылады.

Ресми статистика бойынша Маңғыстау облысының курорттық аймағының аумағында 61 туристік объект тіркелген, оның ішінде жағалау аймағында орналасқан: 44 қонақүй; 1 демалыс үйі; 4 жатақхана; 8 жұмыс істеп тұрған демалыс базасы;4 балалар сауықтыру лагері.


АЙМАҚТА ІСКЕ АСАТЫН ЖОБАЛАР

суреттер: Маңғыстау облысы әкімінің ресми сайтынан

2020 жылдан бастап Маңғыстауда теңіз курорттық аймақтары, жағажай демалысы және киелі жерлер туризмі дами бастады. 2022 жылдың аяғына дейін 15 жобаның 3-і – гольф клубы, Сауда орталығы және демалыс базасы іске қосылады. Тағы 6 жоба келесі жылы аяқтау керек – бұл қонақ үйлер, демалыс базалары және пәтерлер. Барлық жобаларға инвестициялар 100 млрд теңгені құрайды. Нысандарды ашу өңірдегі туристер ағынын ұлғайтуға, демек, жаңа жұмыс орындарын құруға және қазынаға салықтық аударымдарды тек қонақ үйлерден ғана емес, сонымен қатар аралас салалардан да ұлғайтуға тиіс. Аквапарктердің дамуына ерекше назар аударылады, олардың бірі Орталық Азиядағы ең ірі болуы керек.

Инфрақұрылымды дамыту үшін жолдар, су құбырлары мен газ құбырлары салынып жатыр: мұның бәрі курорттық аймақтар салатын кәсіпкерлер мен нысандарды пайдаланатын келушілерге қажет. Туристерді бағдарлауды жеңілдету үшін олар табиғи және қасиетті көрікті жерлерді қамтитын нұсқаулық жасады. Маңғыстау тұрғындары мен қонақтары үшін 161 маршрут пен соқпақ әзірленді. Аймақта қажылар кіруге ұмтылатын бірегей жерасты мешіттері бар.

Түбекте 11 мың тарихи-мәдени ескерткіш, оның ішінде Бекет ата және Шопан ата мешіттері бар. Олардың ішіндегі ең танымалы – табиғи-каньондар мен шатқалдар. Маңғыстау облысындағы тарихи орынның бірі – Бозжыра шатқалы. Кейінгі жылдары мұнда қонақүй мен этноауыл құрылысы басталатыны белгілі болды. Оған бірқатар эколог қарсы шыққан еді. Жобаның құны 40 миллиард теңге деп бағаланды. Биыл бұл жобаның тоқтатылғаны белгілі болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров мәлімдеген еді. Оның айтуынша, құрылыс сомасына қатысты айтылған 39,8 миллиард теңге түпкілікті баға емес. Яғни бұл қаражат көбеюі мүмкін. Бағаны инвестор «жердің қыр-сырын» зерттеп, жобаны жетілдіргеннен кейін ғана шешеді. Ал, Маңғыстау облысының әкімі Бекбол Орынбасаровтың айтуынша, қонақ үй кешені мен этноауыл құрылысы инвестордың бастамасымен тоқтатылған. Демек, бұл тарихи орында да өзгерістер болуы мүмкін.

Айта кетейік, Бозжыра Маңғыстау облысындағы үстірттің батыс бөлігінде Ақтаудан 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Ақтауда Rixos қонақ үйі ашылғаннан кейін Бозжыра шатқалында қонақ үй құрылысы ілгерілей бастағаны белгілі. Rixos қонақүйін салған түрік компаниясы ресурстарды сол жерге әкелді, өйткені оны кері әкету тиімсіз болғандықтан, олар Қазақстан үкіметі арқылы ілгерілетуге шешім қабылдаған ірі жобаны тапты.

Сондай-ақ 2024 жылы бес жоба іске асырылады. Ақтау қаласының «жылы жағажай» ауданында сауықтыру кешенін салу және пайдалану; «Caspian house» қонақ үй кешенінің құрылысы; «Relax» заманауи туристік кешенінің құрылысы; Қонақ үй кешенінің құрылысы; «Tethys Resort» демалыс базасының жобасы бар.


2025 жылы Ақтау қаласында аквапаркпен қонақ үй кешенін салу жоспарланған.

Маңғыстау облысы туризм басқармасының хабарлауынша, туризм саласындағы жобаларды іске асыру өңірге қосымша инвестициялар тартуға, жаңа туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру, салық аударымдарының түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Туризм арқылы өңірдегі басқа да салаға серпін береді.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы жоғары туристік әлеуетке ие, оның есебінде 362 қасиетті орын және мемлекеттің қорғауындағы 13 мың тарихи ескерткіш бар. Жыл сайын жерасты мешіттеріне барғысы келетіндер көбейіп келеді. Өсім қасиетті жерлерге жол-көлік инфрақұрылымының жақсаруымен тікелей байланысты. Егер бұрын Бекет ата мешітіне жету үшін қажылар мешітке жаяу күн сәулесімен жаяу баруға мәжбүр болса, қазір көлікпен жетуге болады.

ERNUR.KZ