Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

0
473

Өлі аққуларды 21 желтоқсан күні қызметкерлер тауып алған.


Маңғыстау облысында 30 аққудың өлексесі табылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан 30 аққудың өлексесі табылды. Экологтар құстардың жаппай қырылу себебін анықтап жатыр, деп жазады baq.kz.

Үстірт мемлекеттік табиғи резерватының хабарлауынша, өлі аққуларды 21 желтоқсан күні қызметкерлер тауып алған.

InAktau-дың мәліметіне қарағанда, оқиға орнына барған резерват мамандары өлген құстардан сынама алып, қазір аққулардың өлу себептерін анықтау үшін зертханада қажетті зерттеулер жүргізіп жатыр.

Қорық қызметкерлері аққулардың өлгені туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына хабарлаған.