Маңғыстау облысында әскери техника неге жүр - ҰҚК себебін айтты

0
745

Техника легінің қозғалысын әскери полиция алып жүр.


Маңғыстау облысында әскери техника неге жүр - ҰҚК себебін айтты

ERNUR.KZ. 21 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Маңғыстау облысы аумағында әскери техника жүретінін ескертті, деп жазады Tengrinews.kz.

Маңғыстау облысының аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен өткізілетін "Каспий - Антитеррор-2021" бірлескен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы шеңберінде Шекара қызметі өз бөлімшелерін қайта топтастырып жатыр. Техника легінің қозғалысын әскери полиция алып жүреді.

Жоспарлы оқу-жаттығулар екі кезеңде өтеді және 2021 жылдың 2 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында терроризм актілерін дайындау белгілерін анықтау және жолын кесу кезінде күштер мен құралдарды кешенді қолдануды бірлесіп пысықтау", - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.