Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

0
794

Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті атқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.


Маңғыстау облысында ауыл әкімі мен орынбасары сотталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Маңғыстау ауылының әкімі Қалқатай Өтемұратовқа, оның орынбасары Бекболат Қасымовқа және "Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Азамат Көбегеновқа сот үкімі шықты, деп жазады Тengrinews.kz.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") кінәлі болып танылды.

Қалқатай Өтемұратов 3 жыл алты айға, Бекболат Қасымов - 3 жылға және Азамат Көбегенов - 4 жылға сотталды. Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте және жергілікті атқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.

"Олар сот залында қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар 15 күн ішінде апелляцияға бере алады", - деді облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері.