Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды

0
581

Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.


Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі тасымалдамақ болғандар ұсталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп жазады 24.kz.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, Тергеу барысында Ақтау қ. «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған. Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар 4,8 млрд астам теңгені құрады. Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.