Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды

0
647

Желден Бейнеу ауылы қатты зардап шекті.


Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды

Маңғыстау облысында қатты жел соғып, үйлер мен ғимараттардың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Желден Бейнеу ауылы қатты зардап шекті. Кейбір тұрғындар газсыз қалды.

Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, Бейнеу ауылында қатты желден Мәдениет үйі мен №3 емхананың шатырлары ұшып кеткен.

Сондай-ақ, Уәли көшесіндегі газ құбырына жартылай зақым келді. Салдарынан төрт жер үй газсыз қалды.

"Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ мен "Бейнеуэнергосервис"АҚ жұмысшылары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

Бұған дейін өңір тұрғындарына жел күшейіп, жаңбыр жауатыны туралы хабар берілген.