Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғып тұр

0
626

Инспекторлар жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдық режимін асырмауды сұрайды.


Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғып тұр
ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерден жолға шықпауды сұрайды, деп жазады ҚазАқпарат.

Инспекторлар жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдық режимін асырмауды сұрайды. Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті 13 сәуірде өңірде шаңды дауыл болатынын ескерткен еді. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке, күндіз кей жерлерде 23 м/с-ке жетеді.

Құтқарушылар қатты жел қаупі кезінде балкондар мен лоджияларды тексеріп қоюға, барлық жеңіл және үлкен заттарды байлап немесе бөлмеге кіргізуге кеңес береді.

Сонымен қатар жеңіл көліктерді ағаштардың астына қоймауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.