Маңғыстау облысында үш баланың анасы 1 айдан бері табылмай жатыр

0
679

Жәния Абдуллаева 29 қыркүйекте Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткен.


Маңғыстау облысында үш баланың анасы 1 айдан бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының 27 жастағы тұрғыны, 3 баланың анасы 1 айдан бері табылмай жатыр, деп жазады inform.kz.

Жәния Абдуллаева 29 қыркүйекте Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы үйінен шығып кеткен.

«Келіншектің ата-анасы Бейнеу ауданынан келіп, қызының жоғалып кеткені туралы шағым түсірді. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп мәлім етті Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жоғалған Жәния Абдуллаеваның 3 баласы бар.