Маңғыстау облысында жаңа елді мекен бой көтерді

0
2 406

Жаңа ауыл Жаңаөзен қаласынан 63 шақырым жерде орналасқан.


Маңғыстау облысында жаңа елді мекен бой көтерді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жаңа елді мекен құрылады. Облыс Серікбай Трұмов жаңа ауыл – Кендірлінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жаңа ауыл Кендірлі курорттық аймағының маңында, яғни теңізден 2 шақырым қашықта, Жаңаөзен қаласынан 63 шақырым жерде орналасатын болмақ. Бүгінгі таңда ауылдың бас жоспарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Кендірлі елдімекенінде бірінші кезекте инфрақұрылым мәселесіне көңіл бөлінеді, содан кейін жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу басталады. Сонымен қатар, алдағы уақытта Кендірлі курорттық аймағында тәулігіне 50 мың текше метр су тұщытатын зауыт салынбақ. Су зауыты болашақта Жаңаөзен қаласы мен оған жақын маңдағы барлық ауылдардың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі жаңа ауылдың теңізге жақын орналасуы Кендірлінің туристік аймағын одан әрі белсенді дамытуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, болашақта осы аумақта жаңа аудан құру мәселесі талқыланды. Ол шамамен 7-9 ауылды қамтуы мүмкін. Олардың арасында Рахат, Теңге, Бостан, Сенек және басқалары бар. Кендірлі ауданы 616 мың гектар аумақты қамтымақ. Бүгінгі таңда шекараны анықтау, сондай-ақ бас жоспарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.