Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

0
963

Жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 1-нен 2-не қараған түні болған.


Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында көлік аударылып, саладрынан төрт адам зардап шекті. Олар Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері айтты, деп жазады Тengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 1-нен 2-не қараған түні болған.

Opel Vectra маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі өз көлігін аударып алған. Нәтижесінде төрт адам зардап шекті.

"Екі адам 1 қыркүйекте сағат 22:00-де жеткізілді. Зардап шеккендер арасында - 2001 жылғы колледж студенті. Оның жабық бас сүйек ми жарақаттанған, миы шайқалған, сол жақ иығы зақымданған. 1994 жылғы азаматтың бас сүйек ми жарақаттанған, кеудесіне және омыртқасына зақым келген. Жол-көлік оқиғасында тағы екі ер адам зардап шекті, оларды 2 қыркүйекте сағат 00:30-да қабылдау бөлмесіне жеткізілді", - деді денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері.