Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео

0
611

​Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.


Маңғыстау облысында жұмысшылар тағы наразылық акциясына шықты – видео

ERNUR.KZ. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС жұмысшылары жалақыларын екі есеге көтеруді талап етіп, тағы да наразылық акциясын ұйымдастырды, деп жазады sputnik.kz.

Жергілікті "Лада" басылымының хабарлауынша, жұмысшылар энергокомбинаттың жанына жиналды.


Кәсіпорынның баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

3 ақпанда энергокомбинаттың жұмысшылары басшылықтан жалақыны 100 процентке көтеру, сауықтыру өтемақысы мен сыйақы төлеуді талап еткен болатын.
Сол кезде жұмысшылар алдына компания басшылығы шығып, мәмілеге келу жөнінде комиссия құрылды. Оның құрамына жұмысшылар және кәсіподақ тарапынан жеті адам кірді.
Компания өндірістегі барлық жұмысшының жалақысын 30 процентке көтеруді, мерекеге орай сыйақы мен бір айлық жалақы көлемінде сауықтыру өтемақысын төлеуді ұсынды.
Алайда 5 ақпанда мәмілеге келу комиссиясы компания басшылығының ұсынысымен келіспеді. Енді мәселе мемлекеттік инспектордың қатысуымен еңбек арбитражында қаралатын болады.