Маңғыстауда 10 жастағы қызға интимдік сипаттағы хабарлама жазған жігіт ұсталды

0
436

Анасы хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған.


Маңғыстауда 10 жастағы қызға интимдік сипаттағы хабарлама жазған жігіт ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында 10 жасар қызға WhatsApp арқылы интимдік сипаттағы хабарлама жазған 19 жастағы жігіт ұсталды. Күдіктінің іс-әрекеті бойынша тергеу басталды, деп жазады zakon.kz.

Әйел хабарлама жазған адаммен қызының ұялы телефонынан сөйлесіп, кездесу ұйымдастырған.

Ер адам белгіленген жерге көлікпен келгенде видеоға түсіріп, сол арқылы полицияға жүгінген.

"Полиция 19 жастағы жігітті ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.