Маңғыстауда 24 жастағы жігіт суға батып кетті

0
760

Жігіттің денесін демалушылар құтқарушылар келгенге дейін судан алып шыққан.


Маңғыстауда 24 жастағы жігіт суға батып кетті

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылында ер адам суға батып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының өкілдері мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиға 8 маусымда Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылының маңындағы су қоймасының жағалауында болған. Қайғылы жағдай туралы хабар 20:40-та түскен.

"1995 жылғы жігіттің денесін демалушылар құтқарушылар келгенге дейін судан алып шыққан. Қайтыс боғлан жігіттің денесі полиция қызметіне тапсырылды", - деді жедел құтқару жасағының өкілдері.